- Айна
- 12 Қараша, 2025
Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуін шектеу ұсынылды
Бүгін Мәжілісте Цифрлық кодекс жобасын талқылау барысында депутат Асхат Аймағамбетов балалардың әлеуметтік желілерге тіркелу жасына шектеу енгізу мәселесін көтерді.
Депутаттың айтуынша, бүгінде TikTok пен Instagram платформаларына ата-анасының келісімінсіз 5-6 жастағы балалардың тіркелуі жиілеген.
«Мәселен, Дания мен Аустралияда әлеуметтік желіге тіркелуге 15-16 жастан бастап рұқсат етіледі, ал АҚШ пен Ұлыбританияда ата-ана келісімі керек», - деді Асхат Аймағамбетов.
Фото: ашық дереккөз
331 рет
көрсетілді0
пікір







