Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Қараша, 2025

Қазақстанға тұрақты тұру үшін 16,1 мың адам қоныс аударды

9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тұрақты тұру үшін 16,1 мың адам қоныс аударды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

 Елге келгендердің саны әлі де кеткендер санынан басым болып отыр. Қаңтар-қыркүйек аралығында елден 5,9 мың адам көшіп кеткен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,4% аз. Көші-қон сальдосы оң мәнде қалып отыр – 10,2 мың адам.
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүзеге асырылады. Достастық елдерінен келгендердің үлесі 82,7%, ал осы елдерге кеткендердің үлесі – 73,2%. Басқа мемлекеттерден келгендердің ішінде Қытай, Моңғолия және Түркия азаматтары басым.
Қазақстанға қоныс аударғандардың көпшілігі Алматы облысына – 4,4 мың адам, Алматы қаласына – 2,6 мың адам, Маңғыстау облысына – 2,3 мың адам және Астана қаласына – 1 мың адам көшіп барған.
Ел ішіндегі көшіп-қонушылар саны 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8% артты. Өңіраралық көші-қон бойынша оң сальдо төрт өңірде қалыптасты: Астана – 67,2 мың адам, Алматы – 27,8 мың адам, Шымкент қалаларында – 13 мың адам және Алматы облысында – 8 мың адам.

346 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз