Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 13 Қараша, 2025

Ұлттық библиографияға арналған халықаралық конференция өтті

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада «Ұлттық библиографияны дамыту: тәжірибе, заманауи технологиялар мен интеграция мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Атаулы жиын Ұлттық кітапхананың 115 жылдығына, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына және Роза Бердіғалиеваның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған.

«Ұлттық библиография – ел жадының, мәдени мұраның, тарихи деректің негізі. Оның дамуы мен жүйеленуі ұлттық ғылым мен білімнің ілгерілеуіне тікелей ықпал етеді. Конференцияда Ұлттық кітапхана жанынан библиографияға арналған ғылыми орталық құру, даму стратегияларын әзірлеу, халықаралық серіктестік пен кәсіби кадрлар даярлауды жүйелеу секілді нақты ұсыныстарды ортаға салдық. Қазақ библиографиясы­ның ғасырлық жолын барлаған басқосуда кітап мұрасын жүйелеуге арналған бірнеше маңызды басылымның тұсауы кесілді. Солардың қатарында Міржақып Дулатұлы құрастырған «Қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткіші (1926–1927)», «Қазақстан библиографиясы мен кітапхана ісі», «Ұлттық кітап­хана қорын­дағы дәстүрлі карто­текалық ақпарат­тар (1921–2001): библио­графиялық шолу анықтамалығы» жинақ­тары бар. Бұл басылымдар – тарихи дерек пен рухани мұраны ұштастыратын құнды биб­лио­графиялық еңбек», - дейді  Ұлттық кітап­хананың директоры Ғазиза Нұрғалиева.

Шара барысында «Мектеп» баспасының директоры Ерлан Сатыбалдиев Міржақып Дулатов атындағы «Оян қазақ» төсбелгісін кітапхана директоры Ғазиза Құдайбергенқызына, Кітапхананың Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының басшысы Гүлшат Абиковаға, кітапхана қызметкері Ертай Біләлға табыстады. 

Сонымен қатар, іс-шара аясында «Ғасырлық жол: қазақ библиографиясының шежіресі» атты көрме ұйымдастырылды.

Конференцияға еліміздің және шетелдің жетекші библиографтары, кітапхана саласының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жас зерттеушілер қатысты.

Фото: дереккөзден алынды

822 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз