Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Қараша, 2025

“Қазақ газеттері” өкілдері Ә.Молдабеков атындағы №6 мектеп оқушыларымен кездесті

Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебінде “Қазақ газеттері” серіктестігінің және республикалық балалар басылымдарының бас редакторларымен шығармашылық кездесу өтті.

Шараға “Қазақ газеттері” бас редакторының орынбасары, Алматы басылымдарының жетекшісі Бағашар Тұрсынбайұлы, “Балдырған” журналының бас редакторы Ерғали Бақаш, “Ұлан” газетінің бас редакторы Жадыра Нұрмаханова, “Ақ желкен” журналының бас редакторы Балжан Мұратқызы және “Дружные ребята” газетінің бас редакторы Ольга Рыбкина қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақты елжандылыққа, туған жерін сүюге баулу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Редакторлар өздерінің басылымдары туралы кеңінен әңгімелеп, балалар журналистикасының ерекшеліктеріне тоқталды. Сондай-ақ оқушыларға өз идеяларын жүзеге асыру, өлең мен әңгіме жазу, иллюстрация салу сияқты шығармашылық бағыттарда кеңестер берді.

Оқушылар да өз кезегінде редакторларға сұрақтар қойып, пікір алмасты. Кейбірі өздерінің өлеңдері мен шағын әңгімелерін оқып, кәсіби журналистерден жылы лебіздер мен пайдалы кеңестер алды.

Жылы әрі мазмұнды жүздесу жас өрендерге ерекше әсер қалдырып, олардың бойында шығармашылыққа, әдебиет пен журналистикаға деген қызығушылықты арттырды.

Мұндай кездесулер оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, болашақта өз жолын табуға бағыт-бағдар берері сөзсіз.

Мирзахметова Рашидям

Фото: Авторлық

4932 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз