Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 14 Қараша, 2025

VI Ислам Ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан үздік үштіктің қатарында

Сауд Арабиясының астанасы Ар-Рияд қаласында VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарының алтыншы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.
Бұл жарыс күні де Қазақстан құрамасы үшін табысты болды. Алдымен муай-тай шебері Тұрар Дүйсехан  ақтық сайысқа өтіп, алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды.
Одан кейін гандболдан аруларымыз жарысты жеңіспен бастады. Олар топтық кезеңнің (B тобы) алғашқы матчында Өзбекстан құрамасын тізе бүктірді.
Күннің нүктесін үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко қойды. Жекелей сында бақ сынаған отандасымыз өзінің мысырлық басты қарсыласын тізе бүктіріп, чемпион атанды. Оның жеңісі Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық есепте үздік үштікке кіруіне мүмкіндік берді.
Алты жарыс күнінің қорытындысы бойынша медаль кестесі төмендегідей:

1. ?? Түркия - 97 медаль (54?, 26?, 17?)
2. ?? Өзбекстан - 46 (15?, 17?, 14?)
3. ?? Қазақстан - 35 (10?, 12?, 13?)
4. ?? Иран - 35 (10?, 8?, 17?)
5. ?? Мысыр - 29 (10?, 7?, 12?)
6. ?? Нигерия - 14 (6?, 5?, 3?)
7. ?? Әзірбайжан - 36 (5?, 12?, 19?)
8. ?? Бахрейн - 12 (5?, 3?, 4?)
9. ?? Сауд Арабиясы - 22 (5?, 1?, 16?)
10. ?? Индонезия - 23 (4?, 12?, 7?)

Байрақты бәсекенің келесі күнінде Қазақстан намысын екі спортшы қорғайтын болады. 60 кг салмақтағы Тұрар Дүйсехан муай-тайдан финалдық жекпе-жекте алтын үшін айқасады. Ал 70 кг салмақтағы Рафхат Зерипов ушудың 1/16 айналымында бақ сынайды.

780 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз