- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 14 Қараша, 2025
Алматыда 37 кітапхана жұмыс істейді
Алматы – оқырмандар қаласы. Мұнда шамамен 2,8 миллион тұрғын қала кітапханаларны оқу, білім алу және пікір алмасу үшін белсенді пайдаланады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қалада барлығы 37 кітапхана жұмыс істейді. Оның ішінде 28 нысан – «Алматы кітапханалары» желісіне, 9 нысан – республикалық мекемелерге қарайды. Жоғары оқу орындарында да кітапханалар бар. Сондай-ақ, Alatau Creative Hub, Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана және Жамбыл атындағы кітапхана тәулік бойы қызмет көрсетеді.
Кітапханалардың 97%-і толық жаңғыртылды. Қор көлемі – 1,37 миллионнан астам кітап. Кітаптар қазақ, орыс және шет тілдерінде ұсынылған.
Қолжетімділікті арттыру мақсатында үйге кітап жеткізу қызметі және көру қабілеті төмен оқырмандарға арналған арнайы бөлімдер жұмыс істейді.
Сонымен бірге қалада 26 автономды өзін-өзі қызмет көрсету станциясы іске қосылды. Олар қаланың әр жерлеріне орналастырылып, кітаптарды алу үдерісін жеңілдетеді.
Цифрландыру жалғасып келеді: сайт, электронды каталог және виртуалды турлар қолжетімді.
373 рет
көрсетілді0
пікір






