Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 14 Қараша, 2025

Алматы облысында 18 адам жауапкершілікке тартылды

13 қараша күні Алматы облысының Ұйғыр ауданында шет мемлекеттік туды және шет мемлекет басшылығының бейнесін өртеп, өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасаған азаматтардың топтасып, санкцияланбаған жиналысына ден қойылды, деп хабарлайды Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.

Материалдарды сотта қарау қорытындысы бойынша 12 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар, тағы 6 қатысушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Бұл фактіге қатысты араздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, сондай-ақ араздық тудырып, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кез келген әрекет — заңның өрескел бұзылуы екенін және мұндай фактілер қатаң заң тәртібімен тоқтатылатынын қатаң түрде ескертеді.

262 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз