Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қараша, 2025

Астанада қалалық «Құқықтық дәріхана» акциясы өтеді

«Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығында 14 қараша күні «Құқықтық дәріхана» атты кезекті қалалық акция өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында қалалық прокуратура, Астана әкімдігі және мемлекеттік органдардың бірлесуімен ұйымдастырылып отыр. Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру және құқықтарды қорғау тетіктерін кеңінен жеткізу.
Акция барысында тұрғындар тұрғын үй, медицина, білім беру, кәсіпкерлік және өзге де салаларға қатысты сұрақтарын қоя алады.
Мемлекеттік органдардың мамандары 14 қараша күні сағат 16:00–18:00 аралығында «Mega Silk Way» орталығында кеңес береді.

271 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз