- Құмсағат
- 14 Қараша, 2025
Тоғызқұмалақ қарқынды дамып келеді – ҚР ТСМ
Қазақстанда 11 ұлттық спорт түрі дамытылып жатыр. Оның ішінде құсбегілік, қазақ күресі, асық ату және тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген. Бүгінде тоғызқұмалақ ойыны қарқынды даму үстінде. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов хабарлады.
«Биыл 17-23 қараша аралығында жасөспірімдер арасында ІІ Әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 20 елінен спортшылар қатысады. Жарыс гибридті форматта ұйымдастырылады: классика онлайн/офлайн; рапид пен блиц офлайн», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Оның айтуынша, тоғызқұмалақтан І Әлем чемпионаты 2023 жылы Алматыда өткен болатын. Жарысқа 16 елдің спортшылары қатысты.
Фото: ortcom_kz
764 рет
көрсетілді0
пікір







