Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Қараша, 2025

Алматыда Student’s Week–2025 басталды: жастарға арналған мүмкіндіктер апталығы

17 қараша күні Алматыда Халықаралық студенттер күніне орайластырылған Almaty Student's Week-2025 апталығы басталды.

Биылғы іс-шаралар 11–17 қараша аралығында өтуде және оған 40 мыңнан астам студент қатысады. Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде қаланың Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек шара жайлы толығырақ айтып берді.

«Алматыда 712 мыңнан астам жас тұрады, бұл мегаполис халқының елеулі бөлігі. Осыған байланысты жастар саясатын дамыту және студенттік бастамаларды қолдау әкімдіктің маңызды бағыты ретінде қарастырылады. Атап айтқанда, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалалық жастар бастамаларына ерекше көңіл бөліп, студенттердің шығармашылық, азаматтық және көшбасшылық әлеуетін арттыратын форматтарды қолдайды.

Student’s Week бағдарламасы жастарды құқықтық мәдениет пен қауіпсіздіктен бастап инновация, еріктілік, экология, спорт, шығармашылық және интеллектуалды дағдыға дейінгі түрлі бағыттарға тартатындай етіп құрылған. Апта аясында 150-ден астам іс-шара өтіп жатыр, оған 40 мыңнан астам студент қатысады, ал жалпы қамту 100 мың адамнан асуы мүмкін», – деді Азиз Кажденбек.

Фото: ortcom.kz

243 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз