- Айна
- 14 Қараша, 2025
Алатау ауданындағы жарықтың неден өшкені белгілі болды
13 қараша күні шамамен 18:00-де жоғары кернеулі желілерде болған апат салдарынан бірқатар шағынаудан жарықсыз қалды.
Апат «MAGNUM E-COMMERCE KAZAKHSTAN» ЖШС тапсырысы бойынша МП ГазЭнерджи ЖШС жүргізген газ құбырын көлденең бағытта бұрғылау (ГНБ) әдісімен төсеу жұмыстары кезінде болған.
Түн бойы мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеді.
00:15-те бір желі толық қалпына келтіріліп, бірқатар тұтынушыға электр қуаты берілді.
14 қараша таңертең жарық Саялы, Ақбұлақ, Зерделі шағынаудандарына, сондай-ақ Софья, Арена Парк тұрғын үй кешендеріне және ішінара Ақкент пен Дарабоз тұрғын үй кешендеріне берілді.
Қазіргі таңда жарықсыз қалып отырған аумақтар: Теректі шағынауданы (5 көше), Алғабас шағынауданы (5 көше), Ақкент шағынауданындағы 10 үй, Нұркент шағынауданындағы 14 үй.
Қазір зақымданған аумақты қалпына келтіру мақсатында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жер қазу жұмысы аяқталғаннан кейін бригадалар муфта орнатып, желіні толық қалпына келтіруге кіріседі.
Бүгін 18:00-ге дейін электр қуатымен жабдықтау толық қалпына келтіріледі.
222 рет
көрсетілді0
пікір







