- Безбен
- 15 Қараша, 2025
Нысана көздеуден ерлер құрамасы әлем чемпионатында тарихи қола жүлде алды
Нысана көздеуден Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатында 25 метр қашықтықтан тапаншамен ату сайысында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Артемий Кабаков бастаған ерлер құрамасы қола медальді жеңіп алды.
???Оңтүстік Корея - 1711 ұпай
???Қытай - 1700 ұпай
???Қазақстан - 1699 ұпай
Жарыс барысында отандастарымыз 2 дүркін әлем чемпионы Павло Коростылёв, Максим Городинец (Украина), Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Юсуф Дикечтен (Түркия) сынды мықтылардан басып озды.
Ал жеке сайыста Никита Чирюкин 7-орынға тұрақтап, қола жүлдеге 1 ғана ұпай жетпей қалды.
Нысана көздеуден 50 метр қашықтықтан үш позицияда кіші калибрлі винтовкамен атудан командалық сайыста әйелдер құрамасы да қола жүлдегер атанған болатын.
Фото: gov.kz
144 рет
көрсетілді0
пікір







