- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 17 Қараша, 2025
Анти Call-орталықтар 70 мыңнан астам алаяқтық қоңырауды бұғаттады
Бас прокурор Берік Асыловтың мәліметінше, Астанада «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп құрылған Анти Call-орталық үш айда 70 мыңнан астам шетелдік алаяқтық қоңырауды бұғаттады.
Орталық тәулік бойы жұмыс істейді және білікті операторлар ықтимал құрбандарға бағытталған қоңыраулардың алдын алады.
Сонымен бірге Ресей, Украина және Арменияның құқық қорғау органдарымен бірлесіп 10 қылмыстық колл-орталық анықталып, олардың қызметі тоқтатылды. 63 күдікті ұсталып, арнайы техника мен қазақстандықтардың жеке деректері тәркіленді.
Беларусьте тағы 55 адам қазақстандықтарға қарсы алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Келтірілген шығын 67 млн теңгеден асады.
Фото: ашық дереккөз
215 рет
көрсетілді0
пікір







