Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 17 Қараша, 2025

Егіндікөл ауданында көпбалалы отбасы жаңа пәтерге ие болды

Егіндікөл ауданында көпбалалы ана Махаббат Төлеубековаға салтанатты түрде үш бөлмелі пәтердің кілттері табысталды. Бес баланың анасы тұрғын үйді мемлекеттік қолдау шаралары аясында алды. Іс-шараға жергілікті қауымдастық өкілдері қатысты.

Жаңа пәтердің кілтін отбасыға Егіндікөл ауданының әкімі Юрий Курушин табыстады. Ол әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Айта кетейік, биыл ауданда екі пәтерлі сегіз үй және 16 пәтерлі тұрғын үй салынды.

Кілттермен бірге отбасыға жиһаз сатып алуға сертификат та берілді. Махаббат Төлеубекова көрсетілген тұрғын үй мен мемлекеттік қолдау үшін алғысын білдірді.

Фото: gov.kz

214 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз