- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 18 Қараша, 2025
Психологиялық қолдау орталығының мамандары Алғабасқа жетті
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде хабарлады. Омбудсмен үйдің шатыры опырылып түскенін жазған.
«Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында шыққан өрттен 9 бала қаза тапты.Үйде екі отбасының ата-аналары мен балалары болған. Өрт шығып, үйдің шатыры опырылып түскен.Аймақтық уәкіл мен психологиялық қолдау орталығының мамандары оқиға орнына жетті. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен мән-жайы тергеліп жатыр. Қайтыс болған балалардың жақындарына көңіл айтамыз», - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.
Фото: ашық дереккөз
383 рет
көрсетілді0
пікір






