Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 19 Қараша, 2025

Олжас Бектенов: Инфляцияны төмендетуге, теңгерімді тарифтік саясатты жүргізуге ерекше назар аударылады

 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов алдағы үш жылға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағдарламасында көзделген экономиканы одан әрі дамыту үшін жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі.

«Жаңа инвестициялық циклді іске қосу, бизнеске бөгет болатын кедергілерді жою және мемлекеттің экономикадағы үлесін барынша азайту, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдауды нақты иесіне жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа шараларды іске асыру көзделіп отыр. Инфляцияны төмендетуге, теңгерімді тарифтік саясатты жүргізуге, экспортты ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті төмендетуге баса назар аударылады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

443 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз