- Фотогалерея
- 27 Қараша, 2025
Алматыда «Менің елім – жыр елі» атты кеш өтті
«Геральдикалық зерттеу орталығы» және «Ұлан» газетінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл және «Ұлан» газетінің 95 жылдығына орай «Менің елім – жыр елі» кеші өтті. Бұл туралы kazgazeta.kz тілшісі хабарлайды.
Кеште "Sardar G" баспасынан шыққан Жұмекен Нәжімеденовтің таңдамалы шығармаларынан тұратын жаңа кітаптың таныстырылымы болды.
Іс-шараның құрметті қонағы Ақұштап Бақтыгереева, Қасымхан Бегман, Өтеген Оралбаев, Ділдәр Мамырбаева, Заря Жұманова, Алмас Ахметбек, Бақытжан Алдияр, ақынның ұрпақтары Саида Жұмекенқызы мен Самал Дәрібаев, «Ұланның» жас тілшілері болды.
Сондай-ақ оқушылар асыға күткен «Туған жерім менің Қазақстаным» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Үздік деп танылған Кәусар Шалқар 1-орын алып, 70 кітапқа ие болды. Ал 2-орын иегеріне 50 кітап табысталса, 3-орын алған оқушы 30 кітап жеңіп алды. Сондай-ақ 7 ынталандыру сыйлығының иегері 10 кітаптан алды.
Суреттерді түсірген - Досжан Балабекұлы
2282 рет
көрсетілді0
пікір






