- Фотогалерея
- 27 Қараша, 2025
«Ұлан» газетінің жас тілшілеріне куәлік тапсырылды
«Ұлан» газетінің жарық көре бастағанына биыл 95 жыл. Талай ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, арманына дем берген бұл басылым – уақыт тезіне төтеп берген шынайы рухани мектеп. 95 жылдық тарих – тек мерзімді басылымның мерейі емес, қазақ баласының жүрегіне жол тапқан үлкен дәстүр, ұлт болашағына арналған тұрақты қызметтің көрінісі. Ғасырға жуық уақыт жарық көріп келе жатқан басылым жыл сайын үздік авторларына, жыл бойы жазған белсенді оқушыларға «Жас тілші» куәлігін береді. Биыл да басылым өзінің жас тілшілерін шақырып, оларға куәліктерін табыстады. Бұл туралы kazgazeta.kz тілшісі хабарлайды.
Биыл «Жас тілші» куәлігін алып, бұл атаққа 8 мектеп оқушысы ие болды. Атап айтсақ:
1. Мейірлі Қайсарқызы, №174 мектеп гимназияның 9-сынып оқушысы
2. Талшын Дүйсехан, Ш.Уәлиханов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы
3. Аружан Мәуліт, №13 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы
4. Жұлдыз Ербол, Ақмола облысы Целиноград ауданы Жалғызқұдық мектебінің 10-сынып оқушысы
5. Қарақат Нұрланқызы, Абай атындағы РММИ-дің 9-сынып оқушысы
6. Дәрия Ғаниқызы, Абай атындағы РММИ-дің 11-сынып оқушысы
7. Гүлбақыт Іздібай, Қызылорда облысы, Арал қаласы
8. Шакира Ниязбаева, №58 мектептің 11-сынып оқушысы
Куәліктерді елімізге белгілі медиа саласындағы журналистер Ділдар Мамырбаева, Заря Жұманова, Қарагөз Сімәділ, Назым Дүтбай, Айнұр Мұратқызы, Саида Жұмекенқызы, Дәрия Талапова табыстады. Авторларға куәлікпен қоса, ата-анасы мен мұғаліміне алғыс хат және естелік сыйлықтар берілді.
Суреттерді түсірген - Досжан Балабекұлы
2896 рет
көрсетілді0
пікір






