Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 02 Желтоқсан, 2025

Жеңілдетілген несиемен өңдеуші өнеркәсіптің 116 жобасы қамтылды – ӨҚМ

2022 жылдан бері жеңілдікпен несиелеу тетігі арқылы өңдеу өнеркәсібіндегі 116 жоба қаржыландырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді,   деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Министр мемлекеттік даму институттары жаңа өндірістерді қолдауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«2022 жылдан бастап жеңілдетілген несиелеу тетігі арқылы 116 жоба қаржыландырылды. Бұл мақсаттарға бюджеттен 500 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, ал нарықтан қосымша қаржы тарту және аралас қаржыландыру тетігін қолдану есебінен жалпы сома 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды», — деді Ерсайын Нағаспаев.
Нәтижесінде радиаторлар, автокомпоненттер, шұлық-шұлғау бұйымдары, лак-бояу және геосинтетикалық материалдар мен басқа да тауарлар өндірісі іске қосылды.


Фото: tm/KZgovernment

100 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз