- Безбен
- 02 Желтоқсан, 2025
Еліміз АӨК-тегі қайта өңделген өнімдер экспортын ұлғайтуда
Биылғы 10 айда азық-түлік өнімдерін шығару 3,1 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 9,1%-ға жоғары. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
Ол азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар 60%-ға өсіп, 225 млрд теңгені құрағанын атап өтті.
АӨК-тегі қайта өңделген өнімдер экспортында да оң динамика байқалады. Осы жылдың 9 айында өңделген өнім экспорты $2,5 млрд-қа жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары.
Фото: tm/KZgovernment
146 рет
көрсетілді0
пікір






