Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 02 Желтоқсан, 2025

Өткен жылы өңделген өнімнің экспорты $23 млрд-тан асты — Премьер-министр

Премьер-министр соңғы жылдары өңдеу саласын дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі кейінгі бес жылда шамамен үштен бірге өсті. Kia, Sinopec, John Deere, Claas сияқты жаһандық көшбасшылардың қатысуымен ондаған жаңа кәсіпорын іске қосылды.

«Өткен жылы өңделген өнімнің экспорты $23 млрд-тан асты. Бұл ретте металл бұйымдары ғана емес, сонымен қатар машина жасау, химия, тамақ өнімдерінің экспорты да артып келеді.

Біздің мақсатымыз – жалпы ішкі өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесін 2030 жылға қарай 15%-ға дейін, ал 2035 жылға қарай 18-20%-ға дейін жеткізу.

Бұл нақты орындалатын міндет екенін ерекше атап өтемін. Ол үшін бізде шикізат, энергия, қолайлы географиялық жағдай, жас әрі білімді адами капитал тағы басқа да не қажеттінің бәрі бар», — деп Олжас Бектенов отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын атап өтті.

Фото: KZgovernment

171 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз