Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Қараша, 2025

Алматыда Торайғыров көшесін көркейту жұмыстары аяқталды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Саин көшесінен Кекілбайұлы көшесіне дейінгі Торайғыров көшесінің бойында кешенді көркейту жұмыстары аяқталды.

Көркейтілген аумақтың жалпы көлемі — 2,5 гектар.

Мұнда кең ауқымды жұмыс жүргізілді:

• энергия үнемдейтін шамы бар 220 жарық тірегі орнатылды;

• 70 орындық және 110 қоқыс жәшігі қойылды;

• 200 ағаш, 1 500 бұта және 8 200 шаршы метр көгал егілді;

• 6 500 шаршы метрлік веложол салынды;

• қауіпсіз жабындысы бар заманауи балалар және спорт алаңдары жабдықталды;

• ұзындығы 10 000 метр автоматты суару жүйесі тартылды;

• тұрғындардың тынығуына арналған перголалар мен әткеншектер орнатылды.

Жаңарған демалыс аймағы енді аудан тұрғындары жиі баратын жаңа мекенге айналды.

135 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз