Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Қараша, 2025

Алматыда жастарды және жеңілдік санатындағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасып келеді

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша биыл 6626 өтініш қабылданды. Қатысушыларға 3040 жолдама беріліп, олардың 2168-і қазірдің өзінде несие алып, баспана сатып алды.

Жыл басынан бері жеңілдік санатындағы 48 кезекте тұрған азамат бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификатын алды. Көрсетілген көмек көлемі 72 млн теңге.

Сонымен қатар жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы іске асырылып жатыр. Ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және жетім балалар жалдау ақысының 50%-ын өтеу мүмкіндігіне ие. Бағдарламаның операторы – «Отбасы банк» АҚ, өтініш онлайн қабылданады.

Фото: gov.kz

 

178 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз