Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Қараша, 2025

Ақтау шаһары Түркияның Трабзон қаласымен бауырлас қала атанды

Бүгін, 28 қараша күні Ақтау қаласында «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының жабылуы аясында Ақтау қаласы Түркия Республикасының Трабзон қаласымен бауырлас қала атанды.

Салтанатты рәсімде Трабзон қаласының мэрі Ахмет Метин Генч және Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов екі ел арасындағы достықты, өзара тиімді әріптестікті және стратегиялық серіктестікті тереңдетуге бағытталған меморандумға қол қойды.

Тараптар қалалар арасындағы қатынастарды дамыту, ынтымақтастықты күшейту, өзара диалог пен тәжірибе алмасуды арттыру, ортақ іс-шаралар өткізіп, сенім мен бірлік рухында әрекет жасауға уағдаласты.

- Ақтау қаласы Каспий теңізінің жағасында орналасқан Қазақстанның жалғыз теңіз порты бар қала деп табылады. Энергетика, логистика және теңіз салаларындағы стратегиялық маңызымен ерекшеленеді. Ал, Трабзон қаласы Қара теңіздегі тарихи порты бар қаласы болуымен бірге, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларындағы маңызды орталық ретінде танымал қала екендігі белгілі. Осы екі қаланың бауырластық байланысы Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен ынтымақтастықты жергілікті басқару деңгейінде нығайта түсетін маңызды қадам болмақ, – деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Айта кетейік, бұл келісім Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді. Атап айтқанда, меморандум екі қала арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, туризм және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша өзара бауырластық пен ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Фото: Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

176 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз