- Айна
- 28 Қараша, 2025
Аналар кеңесі қоғамдағы қауіпсіздік мәселесін көтерді
Этнографиялық музейде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы аясында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері қатысты, сондай-ақ Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Жұлдыз Сейтқұмарқызы мұндай бастамалардың қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар зорлық-зомбылықтың алдын алу, жастар арасындағы ағартушылық жұмысты күшейту және отбасы құндылықтарын нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, «Салауатты сана» жобасы таныстырылып, қатысушыларға «Санаға серпін берген - Салауатты сана» баяндамасы ұсынылды.
Аналар кеңесінің мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, осы бағыттағы қоғамдық жұмысты жандандыру бойынша ұсыныстарын айтты.
Талқылауға Достық үйінің қызметкерлері де белсенді қатысты. Олар да акцияға қатысып, өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып және бұл мәселені шешуде барлық қоғамдық институттардың бірлескен жұмысы қажет екендігін атап өтті. Осындай кездесулер тәжірибе алмасуға және зорлық-зомбылықтың алдын алуға, сондай-ақ этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған күш-жігерді біріктіретін маңызды алаң болып табылады.
Фото: gov.kz
182 рет
көрсетілді0
пікір






