Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Желтоқсан, 2025

Жезқазған қаласының 30%-ы жерасты су көздерінің суымен қамтамасыз етілді

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірдің қала тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етілгенін, ал ауылдық елді мекендерде бұл көрсеткіш 99,9% деңгейінде екенін атап өтті.

«Облыс бойынша жалпы құны 18,6 млрд теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 102 км су құбыры желілері жаңғыртылып, қайта салынды. Биыл «Үйтас–Айдос» су кен орнын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталды. Осы жобаның арқасында Жезқазған қаласының 30%-ы жерасты су көздерінің суын пайдаланып отыр», – деді спикер.

Бұдан бөлек, биыл 47,8 км жылу желілері толық жаңғыртылды.

Фото: ortcom_kz

171 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз