Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Желтоқсан, 2025

Көлсай маңында туристер мінген көлік аударылып, бір адам қайтыс болды

 

Жол-көлік оқиғасы Кеген ауданындағы Қайыңды–Саты автожолының 4-шақырымында болған. Toyota Sequoia автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып, аударылып кеткен.

Желідегі мәліметке сәйкес, көліктің ішінде шетелдік туристер отырған.

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес жолаушы түрлі жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады полиция департаменті.

Фото: qazaqparat_kz

193 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз