- Безбен
- 03 Желтоқсан, 2025
Мәжіліс самокаттар туралы заң жобасын қабылдады: енді не өзгереді?
Жаңа заңда жол қауіпсіздігін жақсартуға және электр самокаттарын жалға беру операторларының қызметін реттеуге бағытталған өзгерістер ұсынылады. Жалға беретін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін әрбір электр самокатқа қатысты азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі. Сондай-ақ мұндай самокаттарды тіркеу және тіркеу нөмірлерін беру тәртібі белгіленеді. Жалға берушілер жүргізуші куәлігі жоқ немесе одан айырылған адамға электр самокатты басқаруға рұқсат бергені үшін жауапты болады.
Фото: Ашық дереккөз
160 рет
көрсетілді0
пікір






