- Аймақ тынысы
- 04 Желтоқсан, 2025
Жаңартылған өрт сөндіру пункті ауыл тұрғындарының қауіпсіздік тірегіне айналды
Абай облысы әкімі Берік Уәли мен ТЖД бастығы Манарбек Шапагатов Қайнар ауылындағы жаңартылған өрт сөндіру бекетіне барды.
Нысанды жаңарту шалғай елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін арттырып, жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейту мақсатында жүргізілді. Өрт сөндіру бекеті Қайнар ауылына, Қараөлен бөліміне және 30-дан астам қыстаққа қызмет көрсетеді — барлығы шамамен 350 үй мен 1 398 тұрғын.
Өрт сөндіру пункті тұрмыстық және дала өрттерін сөндіру, халықтың шақыртуына жедел әрекет ету, сондай-ақ ауылдық округтің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін атқарады.
175 рет
көрсетілді0
пікір






