Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Желтоқсан, 2025

Алматыда Тоқаш Бердияровты еске алуға арналған жиын өтті

ҚР Ұлттық кітапханасында ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері Тоқаш Бердияровтың 100 жылдық мерейтойына арналған еске алу жиыны өтті.

Іс-шара барысында қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Тағдырлы дарын» атты естеліктер жинағының тұсауы кесілді.

Жинаққа ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілдері Мұхтар Әуезов, Рахманқұл Бердібаев, Темірхан Медетбек, Өмірзақ Айтбайұлы, Қойшығара Салғараұлы, Исраил Сапарбай, Есенғали Раушанов және басқа да қаламгерлердің әр кезеңде жазған зерттеулері мен естеліктері енген.

Іс-шара барысында арнайы көрме ұйымдастырылды.

Жиынға әдебиетші мамандар, зерттеушілер, мәдениет ұйымдарының өкілдері, ақын-жазушылар, журналистер мен оқырмандар қатысты.

Фото: gov.kz

249 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз