- Айна
- 08 Желтоқсан, 2025
Су кодексін іске асыру мақсатында 22 нормативтік құқықтық акті әзірленді
Биыл Мемлекет басшысы жаңа редакциядағы Су кодексіне қол қойды. Құжатты іске асыру мақсатында Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті 22 нормативтік құқықтық акті әзірледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында комитет төрағасы Сейілбек Нұрымбетов хабарлады. Оның айтуынша, бассейндік су инспекцияларының материалдық-техникалық жабдықталуы жақсарды. Арнайы автокөліктер паркі жаңартылып, 18 автокөлік сатып алынды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады. Қызметкерлерге компьютерлік техника алынды. Сондай-ақ, Инспекция қызметкерлерінің еңбек жағдайлары жақсарып, 10 әкімшілік ғимаратта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жоғарыда аталған барлық шаралар Инспекциялардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасады және орындалатын функциялардың сапасын арттыруға бағытталған», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Фото: ortcom_kz
153 рет
көрсетілді0
пікір






