Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 08 Желтоқсан, 2025

Су ресурстарын есепке алу үшін «Qazsu» ақпараттық жүйесі іске қосылды

Су саласындағы есепке алу суды пайдалану және су бұру туралы статистикалық мәліметтерді, процестерді цифрландыруды, су кадастрын жүргізуді қамтиды. Су ресурстарын реттеу, қорғау  және пайдалану комитеті мемлекеттік Су кадастрын жаңартып, шығаруды жүзеге асырды, Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығымен бірлесіп «Qazsu» жүйесінде есептерді толтыру және қалыптастыру бойынша жұмыстар, тұрақты негізде ақпаратты жаңарту және толықтыру бойынша жұмыстар жүргізеді.

«Qazsu» жүйесінде республиканың су объектілерінің ақпараттық картасы іске қосылды, онда зерттелген өзендер мен көлдер паспорттық деректермен белгіленді. Бұл жүйе Qazsu.gov.kz. мекен жайы бойынша көпшілікке қол жетімді», - деді Комитет төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Фото: ortcom_kz

153 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз