Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 08 Желтоқсан, 2025

Астанадағы жылыту маусымы: құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасады

Астанада аяздың алғашқы күндері басталды, синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері ауа температурасы -25-26 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу жасап, жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін еске салды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.

Құтқарушылардың ескертуі бойынша, жылу беру маусымында үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау ерекше маңызды.

Өрттің алдын алу және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін:

• пештің жылу жүйесінің, газ және электр жылытқыштарының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру;

• тек сертификатталған, ақаусыз құралдарды пайдалану;

• электр желісін шамадан тыс жүктемеу, құралдарды қараусыз қалдырмау;

• жылытқыштарды жанғыш заттар мен материалдардан қауіпсіз қашықтықта орналастыру;

• қолмен жасалған немесе зақымдалған жылытқыштарды қолданбау;

• құбырларды уақытылы тексеру және тазалау.

Еске сала кетейік, жылу құралдарын дұрыс пайдалану – қауіпсіздіктің кепілі.

Фото: gov.kz

131 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз