Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 09 Желтоқсан, 2025

Елімізде 42 елмен автокөлік жүк тасымалын жүзеге асырады — Көлік министрлігі

ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында автокөлікпен жүк тасымалдау саласындағы ахуал туралы баяндады.

Ол автокөлік саласында жүк тасымалдау көлемі 288 млн тоннаны құрап, алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ға артқанын хабарлады.

Автоматтандырылған өлшеу стансалары заңбұзушылықтарды анықтау көрсеткіші мен бюджетке түсетін кіріс деңгейін 10 есеге арттырды.

Бас прокуратурамен жүргізілген интеграция нәтижесінде осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша айыппұл төлеу қажеттігі туралы 10 мыңнан астам ұйғарым ресімделді.

«Жүктерді автокөлікпен тасымалдау 42 елмен жүзеге асырылады. Былтыр Қытай және Өзбекстанмен шетелдік рұқсат бланкілері қағаз түрінен электрондық форматқа ауыстырылды»,— деді Нұрлан Сауранбаев.

Фото: atr.kz

 

112 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз