- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 10 Желтоқсан, 2025
Электрлі самокат мінгендерге салынатын айыппұл көлемі белгілі болды
Мәжіліс электросамокат пайдаланушыларға қатысты жаңа заңды мақұлдады. Енді олар жол ережесін бұзған жағдайда көлік жүргізушілерімен бірдей жауапкершілікке тартылады.
Жаңа талапқа сәйкес:
Ережені алғаш рет бұзса - 4325 теңге;
Бір жыл ішінде қайталанса - 43 мың 250 теңге;
Жарақат келтірген жол апатына себепкер болса - 43 мың 250 теңге.
Сонымен қатар 12 сағаттық қоғамдық жұмыс немесе 3 тәулікке қамау жазасы қарастырылған.
Кикшеринг компаниялары да жауап береді. Басқару құқығы жоқ адамға самокат беру - 108 125 теңге, ал ондай адам қатысқан жол апатында - 173 000 теңге айыппұл қарастырылған.
Фото: Whoosh
298 рет
көрсетілді0
пікір






