Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 10 Желтоқсан, 2025

Жаңа стадионның сыйымдылығы 45 мың орынға ұлғайтылуы мүмкін – Алматы әкімі

Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXХIX сессиясы өтті.

Сессия барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасын таныстырды.

Шаһар басшысы 2026 жылға жергілікті бюджеттен 2,8 трлн теңге қарастырылғанын атап өтті. Оның ішінде 85 млрд теңге экономикалық дамуды ілгерілетуге жұмсалады. Сондай-ақ жол-инфрақұрылымын дамытуға қомақты қаржы бөлінбек.

Сөз арасында Алматы әкімі мегаполисте құрылысы жоспарланған жаңа стадион сыйымдылығы көбеюі мүмкін екенін айтты.

– Президент тапсырмасына сәйкес, халықаралық стандарттарға сай жаңа стадионның құрылысы жалғасады. Қазір оның сыйымдылығын - 35 мың орыннан 45 мыңға көбейту мәселесі қарастырылып жатыр. Құрылысты 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, - деді Дархан Сатыбалды.

Фото: видеодан скрин

 

 

137 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз