Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Желтоқсан, 2025

Абай облысында 13 жеңіл және 25 жүк көлігі жолда қалып қойған

10 желтоқсандағы қолайсыз ауа райы Абай облысындағы жол жағдайын қиындатып, бірқатар автожолдың уақытша жабылуына себеп болды. Өңір полицейлері жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде қызмет атқарды.

— Жарма ауданындағы Қалбатау — Көкпекті трассасының учаскесінде 13 жеңіл және 25 жүк көлігі қалып қалған. Көктайғақ пен көрінудің шектелуі бұл бағыттағы қозғалысты айтарлықтай қиындатты. Барлық жүргізушілер мен жолаушылар жылыту пунктіне эвакуацияланып, онда 24 адам орналастырылды. Оларға қажетті көмек көрсетілді, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Фото: qazaqparat_kz

376 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз