- Айна
- 11 Желтоқсан, 2025
Шымкентте үш ауысымды мектептер мәселесі шешілді
Биыл үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 17 300 орындық 12 мектеп толығымен пайдалануға берілді. Сонымен қатар 4 145 орындық 8 мектептің құрылысы жүргізіліп, оның екеуі тапсырылды. Бұдан бөлек 10 мектеп пен 1 балабақшаны күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков хабарлады.
Денсаулық сақтау саласында халыққа сапалы медициналық көмек көрсету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Соңғы 3 жылда жаңадан 14 медициналық мекеме ашылып, емханалардың орташа жүктемесі 25 мыңнан 21 мыңға дейін азайды. Медициналық ақпараттарды автоматты түрде талдап, қатерлі ісіктерді, өкпе ауруларын, жүрек-қантамыр жүйесі патологияларын ерте анықтайтын «PACS Systems» жасанды интеллект ақпараттық жүйесі енгізілді. Шұғыл көмек көрсету қызметтеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында биыл 3 шағын ауданда сервистік орталықтар салынды. Онда полиция, жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметтері орналасқан.
«Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорттық инфрақұрылымға қолжетімділікті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда», - деді әкім баспасөз конференциясы барысында.
Фото: ortcom_kz
154 рет
көрсетілді0
пікір






