Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 12 Желтоқсан, 2025

Қазақстан жыл сайынғы БҰҰ қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Әйелдер одағының (UNWG) ұйымдастыруымен Достастық сарайында өткен жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

1976 жылдан бері жәрмеңке әлемнің осал балаларын қолдау сияқты ортақ мақсатпен түрлі ұлттар мен мәдениеттерді біріктіріп келеді. Өз тарихында ол Женевадағы халықаралық қауымдастық үшін ең маңызды қоғамдық іс-шаралардың біріне айналып, іс-ашараға жыл сайын жүздеген қатысушылар жиналуда.

ҚР Тұрақты өкілдігі ұлттық стендте қазақ шоколадтары, дәстүрлі құрт, сондай-ақ ұлттық сувенирлер, қолданбалы өнер бұйымдары және кітаптар сынды өнімдерді ұсынды.

Жәрмеңке Қазақстан мәдениетін насихаттау және Женевадағы халықаралық ортадағы мәдени өзара әрекетті нығайту үшін маңызды мүмкіндік болды. Жиналған қаражат әлемнің әртүрлі өңірлеріндегі балаларға көмектесетін қайырымдылық ұйымдарына берілді.

503 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз