- Айна
- 12 Желтоқсан, 2025
Қазақстан әйелдер құқығын қорғау бойынша аймақта көш бастады
Қазақстан әйелдер құқығын қорғау мәселесінде аймақ елдері арасында алдыңғы қатарға шықты. Ұлттық комиссияның деректеріне сәйкес, бұл бағыттағы қоғамдық сенім соңғы бір жылда 27%-дан 36%-ға дейін артқан.
Бұл туралы Ташкентте өткен Орталық Азия мен Әзірбайжан елдерінің әйелдер құқығын қорғауға арналған жиында айтылды.
Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың отбасы институтын нығайтуға оң әсер етіп жатқанын атап өтті.
Фото: gov.kz
121 рет
көрсетілді0
пікір






