Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Желтоқсан, 2025

Қазақстан Президенті Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет деп есептейді

Президент АӨСШК-нің аймақтық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлін атап өтіп, оны толыққанды халықаралық институтқа айналдыруға қолдау көрсеткен серіктестерге алғыс айтты.

– Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығы осы бағыттағы ынтымақтастықты үйлестіретін маңызды платформаға айналды. Тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда Азиядағы өзара іс-қимыл сенім шаралары жөніндегі кеңес маңызды рөл атқарады. Бұл форум өзінің саяси тұрғыдан өзектілігін дәлелдеді. Осыған орай АӨСШК қызметіне, соның ішінде форумды толыққанды халықаралық институтқа айналдыруға қолдау көрсеткені үшін серіктестерімізге алғыс айтамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Фото: aqorda_resmi

145 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз