- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 12 Желтоқсан, 2025
Алматыда жаңа туған сәбилерді саудалаған қылмыстық топ ұсталды
Алматыда аналарды жаңа туған сәбилерін сатуға итермелеген қылмыстық топ құрықталды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар тұрмысы төмен жас әйелдерді материалдық сыйақы үшін балаларын бөгде адамдарға беруге көндірген.
Қылмыстық топ «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұсталды. Осылайша адам саудасына қатысты ауыр қылмыстың жолы кесілді.
Фото: Скриншот
457 рет
көрсетілді0
пікір






