- Аймақ тынысы
- 12 Желтоқсан, 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспары талқыланды
Алматыда қаланың Бас жоспарына енгізілетін түзетулер талқыланды. Мәслихат пен Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірлескен отырысында Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов бұл кездесу алдын ала кезең екенін атап өтіп, барлық ұсыныс пен ескерту ескерілетінін айтты.
Мегаполисте халық санының өсуіне байланысты әлеуметтік инфрақұрылымды кеңейту қажет. 2030 жылға дейін 100 мыңнан астам оқушы орны, 101,5 мың балабақша орны, сондай-ақ 1,2 млн шаршы метр медициналық нысандар салу жоспарланып отыр.
Қаладағы көлік және экономикалық жүктемені азайту үшін полиорталықтарды дамыту маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Қазіргі таңда Алматының орталығына күн сайын 600 мыңға дейін сапар жасалады.
Жоба аясында жасыл аймақтардың аумағын 3 800 гектарға дейін ұлғайту және құрылыс тығыздығын гектарына 330 адамнан шамамен 260 адамға дейін төмендету көзделген.
Еске салайық, жобаның қоғамдық талқылауы 24–26 желтоқсан аралығында өтеді.
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
156 рет
көрсетілді0
пікір






