- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 13 Желтоқсан, 2025
Үкіметте “Ауыл денсаулығын жақсарту” жобасы қаралды
Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы басталған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Кездесудің негізгі тақырыбы – медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарын салу, орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту және оларды білікті мамандармен қамтамасыз ету бағыттарын қамтитын «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру.
Қазіргі уақытта жобадағы 655 нысанның 645-інің құрылысы аяқталды, бұл жоспардың 98%-ын құрайды. Оның ішінде 226 нысан бұрын медициналық инфрақұрылым болмаған ауылдарда салынған, ал 419-ы ескірген ғимараттардың орнына тұрғызылды. Сонымен қатар жоба аясында қалған 10 МСАК нысаны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Аида Балаева облыс әкімдіктеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын, жобалық жұмыстарды дер кезінде аяқтап, әкімшілік кедергілерді жоюды тапсырды.
157 рет
көрсетілді0
пікір






