Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Желтоқсан, 2025

Қазақстандық офтальмолог халықаралық марапатқа ие болды

 

Дәрігер Мұхит Кұлмағанбетов Hong Kong ICT Awards 2025 байқауында жеңіске жетті. Оның стартапы EntopticaICT Startup Award — Hardware and Device номинациясында, ал SLOPE құрылғысы алтын жүлде алды.

Жаңа технология жасқа байланысты торлы қабық ауруларын ерте кезеңде, операциясыз және ауыртпалықсыз анықтауға мүмкіндік береді, бұл көру қабілетін сақтауға көмектеседі.

Кұлмағанбетов — Қызылорда облысы тумасы, кванттық офтальмологияның өкілі, мұнда диагностика мен емдеуде хирургиялық құралдар емес, жарық пен толқын қасиеттері қолданылады.

Ол технологияларды Қазақстанда енгізіп, офтальмологиялық көмекті қолжетімді әрі тиімді етуді жоспарлап отыр.

147 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз