- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 14 Желтоқсан, 2025
Дзюдо секциясы 2026 жылдан бастап 217 мектепте енгізіледі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылдан бастап еліміздің 217 мектебінде дзюдо секциялық форматта енгізіледі. Алдағы үш жылда бағдарлама 1 мың мектепке дейін кеңейтіледі, басымдық ауыл мектептеріне беріледі.
Бағдарлама аясында бапкерлерді дайындауға да көңіл бөлінеді.
Дзюдо тек спорт емес, сонымен қатар тәрбиелік мәні жоғары: сабырлық, төзімділік, тәртіпке бағыну, қарсыласты құрметтеу дағдылары қалыптасады. Бұл спорт қауіпсіз және ұлдар мен қыздар үшін қолайлы, аса шығынды талап етпейді.
Дереккөз: Руслан Желдібай
201 рет
көрсетілді0
пікір






