Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 19 Желтоқсан, 2025

Қазақстан мен Беларусь архившілерінің бірлескен фотоальбомы таныстырылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Беларусь Республикасы Әділет министрлігінің Архивтер және іс жүргізу жөніндегі департаменті бірлесіп «Қазақстандықтардың Беларусь партизан қозғалысына қатысуы. 1941–1944 жж.» атты фотоальбомның тұсаукесерін өткізді.

Жиын барысында фотоальбомның дайындалу тарихы, жобаның ғылыми-зерттеу бағыты, Қазақстан мен Беларусь архившілерінің ынтымақтастығы, сондай-ақ жинаққа енген материалдардың маңызы таныстырылды.

Фотоальбомда 1941–1944 жылдары Беларусь аумағындағы партизан қозғалысына қатысқан қазақстандықтардың ерлігі мен тағдыры архивтік құжаттар және фотоматериалдар негізінде көрсетілген.

Жиын соңында қатысушылар екі ел арасындағы архиваралық байланысты одан әрі нығайтып, ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Фото: gov.kz

1034 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз