- Аймақ тынысы
- 12 Қаңтар, 2026
Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
ҚазАвтоЖол Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат жариялады.
Осыған сәйкес 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 7-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2026 жылғы 13 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
157 рет
көрсетілді0
пікір






