Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 14 Қаңтар, 2026

Vogue журналы Қазақстанды әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттың қатарына қосты

Халықаралық Vogue журналы Қазақстанды әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттың қатарына қосты. Осылайша еліміз Лондон, Сардиния, Барселона және Палм-Спрингс сынды әйгілі туристік мекендермен бір қатардан көрінді. Басылым редакциясы 2025 жылы авторлары ашқан ең қызықты қалалардың бірі ретінде Алматыға айрықша назар аударды.

Алматы заманауи қалалық орта мен табиғи ландшафт үйлесім тапқан, айқын контрасттарға толы қала ретінде сипатталады. Материалда Іле Алатауының асқақ таулары аясындағы кең даңғылдар, сан алуан сәулет үлгілері, дамыған гастрономиялық мәдениет, сондай-ақ заманауи мейрамханалар мен қазақтың дәстүрлі асханасының үндестігі ерекше атап өтіледі.

Материал авторы Али Фаруки қаланың серуендеуге қолайлы екенін жазады. Сондай-ақ, Алматы Орталық Азия бойынша саяхаттауға, соның ішінде Қырғызстанға баруға ыңғайлы бастапқы нүкте ретінде аталады.

Алдын ала болжамға сәйкес, 2026 жылы Алматыға 800 мыңнан астам шетелдік турист келуі мүмкін.

Фото: дереккөзден алынды

739 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз