- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 14 Қаңтар, 2026
Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.
14 қаңтар сағат 16:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).
Қызылорда облысы:
– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).
Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 15 қаңтар сағат 00:00-де ашу жоспарланып отыр.
104 рет
көрсетілді0
пікір






